127 мейірбике 50 мыңгеден алды

Screenshot_7.jpg

12 мамыр – Халықаралық мейірбикелер күні қарсаңында Түркістан облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің орта буынды медицина қызметкерлері алғысқа бөленді.  Мекеменің бас дәрігері Болатхан Сағымбеков  денсаулық сақтау саласының дамуына  өзіндік үлесін қосып, адал еңбек еткен  мейірбикелердің кеудесіне медаль тақса, бірқатарын алғыс хатпен марапаттады. «Бір ғасырдан астам тарихы бар аталған мереке  бүгінде елімізде  кеңінен тойлануда.  Мейірбикелердің – медицина саласында алар орны бөлек.  Қай кезде де соғыста, түрлі апаттарда, төтенше жағдайларда халыққа алғашқы медициналық көмек беріп,  өмірін аашалап қалатын осы мейіргерлер. Сіздер 70-80 пайыз уақыттарыңызды науқастарға бөліп, оларға қамқорлық пен мейірімдеріңізді аямаймыздар. Біз сіздердің адал қызметтеріңізді бағалаймыз»,- деді  мекеме басшысы. Ұжымның әлеуметтік жағдайын назардан тыс қалдырмайтын диспансер басшылығы сондай-ақ мерекеге орай 127 мейірбикеге 50 мың теңгеден  сыйақы  тағайындап, тағы алтауына табиғаты тамаша Бурабай шипажайына демалуға жолдама сыйлады. 

     Отыз жылға жуық осы саланың ыстығы мен суығына төзіп келе жатқан диспансердің бас мейірбикесі Жұпаркүл Наурызбаева мейірбикелердің жұмысы оңай еместігін айтады. «Бізде науқастар психологиялық тұрғыдан ауру екеніне сенбей келеді, ауруларын асқындырып келеді. Туған-туысқандары білмесін деп жасырынып келеді. Мұндай жағдайда мейірбикелеріміз науқастарға ем-дом жүргізумен қатар жылы сөздерін аямай, психологиялық көмек көрсетіп жатады»,- дейді Жұпаркүл Ташкенбайқызы. 

      Мерекелік іс-шара барысында қызметкерлер өзара спорттық сайысқа түсіп, кіл мықтыны анықтады. 

    Айта кетейік, бүгінгі таңда облыстық туберкулезге қарсы диспансерде 380-ге жуық орта буынды медицина қызметкері жұмыс істейді. Олардың 77,5 пайызы түрлі санаттарға ие. Диспансерде 7 терапия бөлімсі, хирургия, жансақтау, балалар және жасөспірімдер, мәжбүрлеп емдеу және созылмалы аурумен ауыратын науқастар бөлімі, сонымен қатар қабылдау бөлімі, емхана, рентген, бактериологиялық, клиникалық, физиотерапия бөлімі қарастырылған. 

Screenshot_9.jpg


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Листериоз туралы нені білу керек?
  • Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу әрбір азаматтың басты міндеті!
  • Абайлаңыз Құтыру!
  • Емдеу мекемелеріне қойылатын талаптар
  • Түркістан облысында эпидемиологиялық жағдай күрделі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер