
Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханада кезекті 246-шы бүйрек трансплантациясы сәтті өткізілді. Ерекше атап өтерлігі – жоғары технологиялық ота 1 сағат 27 минутта аяқталды lдеп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі. Хирургиялық отаны тәжірибелі дәрігерлерден құралған мультидисциплинарлық команда тиісті клиникалық талаптарға сай жүзеге асырды.
49 жастағы науқас 2022 жылдан бері диализге тәуелді болып келген. Оған 41 жастағы азаматша донор болып отыр. Қазіргі таңда реципиенттің жағдайы тұрақты, дәрігерлердің тұрақты бақылауында.
Бұл операция шымкенттік дәрігерлердің кәсіби біліктілігі мен заманауи медициналық мүмкіндіктерінің деңгейін, трансплантология саласындағы жүйелі жұмыстың нәтижесін айқын көрсетеді.
