Қажылық өте сауапты һәм маңызды сапар. Қазіргі танда кейбір азаматтар атүсті қарайтындар да баршылық. Ол дұрыс емес. ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің бастамасы аясында Шымкент қаласында «Қажылық – жауапты һәм сауапты ғибадат» атты қажылық маусымының ашылуына орай облыстық семинар өтті.
Аталмыш семинарға облыс имамы Бақтыбай қажы Қыдырбайұлы, найб имам әрі қажылық бөлімінің жетекшісі Мұхамеджан Естеміров, дінтанушы Қалиолла қажы Маджанов, ҚМДБ қарасты «Тауаф», «Әл Маруа», «Уақып», «Сембекова и к» т.б. қажылық фирмалардың өкілдері және қажылыққа ниет етуші азаматтар қатысты.
Семинардың негізгі мақсаты - қажылыққа ниет етуші азаматтарымызды құлақтандыру, діни ақпараттар беру, қажылықтың ережелері мен тәртіптерін түсіндіру болып табылады.
Айта кету керек, қажылық курстары облыс бойынша қалалық, аудандық, ауылдық мешіт жанындағы 213 діни сауат ашу курстары жанынан ұйымдастырылуда. Курс жұмыстары аптасына төрт күн бойы өткізіледі. Оған бұрын қажылықта бірнеше рет болған тәжірибелі, білікті имам, ұстаздар жүргізеді.