Комиссияның кезекті отырысы өтті

image_750x_5b0cd96f8378c.jpg

Кентау қаласында электрондық мемлекеттік қызметтерді «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсету үлесін арттыру мақсатында көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың бірден бір жолы болып табылатын негізгі жүйе. Мемлекет басшысының биылғы "Қазақстанның төртінші өнеркәсіптік революция жаңдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Жолдауында бұл мәселе қабырғасынан қойылған болатын.

Бұл жайында Кентау қаласы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссиясының кезекті мәжілісінде қала әкімі аппаратының ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің басшысы Е.Байтудың айтып өтті.

«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы қызметтерді алу мүмкіндіктері жайында халыққа түсіндіру жұмыстарын күшейту мақсатында жадынамалар таратылған және халық көп шоғырланатын жерлерде ілінген.

Мәжіліс барысында қалалық білім беру, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдері және Қарнақ ауылы әкімі аппаратымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге жүргізілген ішкі бақылау нәтижелері, сәулет және қала құрылысы бөліміне сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға жүргізілген ішкі талдау нәтижелері жан жақты талқыланды.

Қала әкімі, комиссия төрағасы Ә.Мақұлбаев сала мамандарына нақты тапсырмалар беріп, атқарылуы тиіс жұмыстарды атап өтті.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер