Департамент қызметкерлері «РАХАТ» компаниясының ұжымына түсіндіру жұмыстарын жүргізді

image_750x_5b0fd72e73908.jpg

Ағымдағы жылдың  30 мамыр күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің қызметкерлері «Рахат-Шымкент» сауда үйі» ЖШС-нің ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, сондай-ақ, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңдардың негізгі ережелері түсіндірілді. Бұл іс-шара Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Жолдауы негізінде өтті.

Іс-шарада сөз алған Департаменттің бас маманы Ж.Әлжанова сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа тәсілдері мен осы әдістердің тәжірибеде қолданылуын түсіндірді.

Сонымен қатар, Жазира Салханқызы Агенттік тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, осы тұрғыдағы кездесулердің басты мақсаты бүкіл қоғамды сыбайлас жемқорлықпен күреске тарту екендігін айтты.

Сондай-ақ, Департаменттің бас маманы Г.Мұсабекова мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына, Департамент тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға тоқтала келе, қызмет алушы мен қызмет берушілерді тікелей байланысқа түспеу мақсатында қызметтерді тек ХҚКО мен egov.kz порталы арқылы алу жолдарын түсіндірді.

Айта кетейік, «Рахат-Шымкент» сауда үйі» ЖШС  «Рахат» АҚ өңірдегі өкілдігі болып табылады. «Рахат» акционерлік қоғамы – 70 жылдық дара тарихы бар, Қазақстандағы кондитерлік өнім өндіретін ірі өндіріс орындарының бірі. Өндірістік қуат Алматы және Шымкент қалаларындағы екі алаңда шоғырланған.

Қазіргі кезде «РАХАТ» АҚ өнімі Қазақстан нарығында ғана емес, республикадан шеткері аймақтарда – Ресей, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Германия, Қытай, Ауғанстан аумағына да тараған.

«Рахат-Шымкент» сауда үйі» ЖШС-де 60-қа жуық адам жұмыс жасайды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер