ОҚО-да Әдеп жөніндегі уәкілдерге 2 күндік оқыту семинары өтті

image_750x_5b14b7d6cc20a.jpg

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті  Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының ОҚО бойынша филиалымен бірлесіп мемлекеттік қызметшілердің әдептілік денгейін жетілдіру бойынша облыстағы 44 Әдеп жөніндегі уәкілдерге арналған 2 күндік оқыту семинарын өткізді. Бұл семинарда Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты биылғы Жолдауындағы мемлекеттік қызметкерлерге жүктелген міндеттерді іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және оның алдын-алу мәселелері де талқыланды.  

Семинарды Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ә.Көмекбаев және Академия филиалының директоры З.Қабылбекова ашып берді.

Сөз барысында Ә.Көмекбаев елімізде ұжымдардағы психологиялық моральдық климаттың қалыптастыру бағытындағы әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің үздік тәжірибелеріне сәйкес келетінін атап өтті.

Семинарда Департамент басшысының орынбасары Ғ.Асанұлы, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері облыстық әділет департаментінің басшысы О.Тастанов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты ОҚО филиалының директоры А.Ахметов, жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілі Ә.Әлішев, психология ғылымдарының докторы Г.Аяпбергенова және психолог З.Елемесова дәріс оқыды.

Ашық пікірталас түрінде өткен шара барысында мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары, Әдеп жөніндегі уәкілдердің негізгі функциялары мен олардың қызметін үйлестіру, мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен корпоративтік мәдениеті, көпшілік алдында сөйлеу және БАҚ сұқбат беру мәдениеті, шиеленіс кезіндегі стресске төзімділік және т.б. тақырыптар талқыланды.

Шараның қорытындысымен барлық әдеп жөніндегі уәкілдерге арнайы сертификаттар табысталды.

Айта кетейік, әдеп жөніндегі уәкіл институты 2016 жылдан бастап Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында енгізілді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер