Діни экстремизмнің алдын-алуға қатысты іс-шаралар тұрақты түрде өтуде

image_750x_5b14bc7fbc8ae.jpg

«Дiни экстремизм мен терроризмнiң алдын алу» мақсатында Түркістан қаласында «Дін жән дәстүр», «Дәстүрлi дiн ел бiрлiгi», «Менiң таңдауым ханафи мазһәбы» тақырыптарында тұрақты түрде іс-шаралар өткізуде. Бұл туралы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сiнің директоры Е.Қамбар айтып өтті.

Дүние жүзiнде қазiргi таңда дiн мәселесi өзектi тақырып болып тұр. Терiс пиғылды радикалды ағымдар мен секталардың құрбанына айналған қаншама жан бар. Ал, ол адамдар бiр отбасының мүшесi болып саналады. Қорытындысында бұндай жағдайға түскен жан отбасының күйреуiне себепшi болады. Сондықтан жастар арасында, жалпы қоғамда тұрақты түрде көптеген іс-шаралар өтуде  – дейді Ералы Пернетайұлы.

Сондай-ақ, бүгінде қаладан ашылған Әлеуметтiк-психологиялық сүйемелдеу секторының көмегіне 37 адам жүгінген. Яғни, мекемедегі заңгер, психолог, теолог және әлеуметтiк инспектор қызметі отбасылық кикiлжiңнiң алдын алу шаралары, психологиялық көмек беру, заң аясындағы құқықтарын түсiндiру жұмыстарын атқаруда. 

Айта кетейік, діни экстремизм және терроризммен күрес яки оның алдын-алу мемлекет келешегі үшін аса маңызды. Осыған орай, өңірде түсіндіру жұмыстары жиі жүргізіліп тұратын болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер