Басты мақсат – сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидасын қалыптастыру

image_750x_5b1e3300f129b.jpg

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен сыбайлас жемқорлықпен күрес бағдарламасын бекіткен болатын. Бұл бағдарламаның басты мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа белсене қарсы тұру арқылы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйесін одан әрі жетілдіру болып табылады. Сондықтан да, Елбасы алға қойып отырған осынау асқаралы міндеттерді жүзеге асыруға, халық арасында қатерлі дертке жол бермеуге баса назар аударылып отыр. Құлқынның қамын ойлаған кейбіреулердің теріс әрекеті бүкіл ұжымға кері әсерін тигізбеуі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлесіп ымырасыз күрескеніміз дұрыс.
"Адал жол" марафоны аясында "Нұр Отан" партиясы Сайрам аудандық филиалында арнайы дөңгелек үстел өткізілді. Басты мақсат- сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидасын қалыптастыру. Шараға аудандағы зиялы қауым өкілдері, аудандық ішкі істер басқармасы қызметкерлері, бастауыш партия ұйымының төрағалары, мониторинг топ мүшелері мен жастар өкілдері қатысып, ойларын ортаға салды.
Сыбайлас жемқорлықтың қоғамға алып келер зардаптарын айтып, жол бермеу, алдын алу жұмыстарын күшейту керектігін сөз етті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер