Цифрландыру – сыбайлас жемқорлықтың жолын кеседі

image_750x_5b1e33dc15393.jpg

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері», «Қазақстан жолы–2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауларында «Аса маңызды міндеттердің бірі – сыбайлас жемқор-лыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру» деп атап көрсетілген.
Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Жемқорлықтың жолын кесу үшін бірден-бір әрекет – жаңа технологиялық цифрландыру негізі маңызды рөл атқарады. 
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында және бекітілген жоспарға сәйкес Төлеби ауданы бойынша халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған оқу курстары өтті. Жоспарға сәйкес, оқу курсы «Базалық», «Open gov» бағдарламалары және «e-gov» электронды үкімет порталын қолдану, «Электрондық сауда» жүргізу туралы 4 түрлі бағытта жүргізілді. Оқу курстарына жалпы аудан бойынша 2201 тұрғын қатысып, цифрлық сауаттылықтарын арттырған. Осылайша, цифрландыру арқылы сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қою мүмкін нәрсе екені белгілі болды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер