Жаңа жүйе білім мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермейді

image_750x_5b1f88ff2bc72.jpg

Елбасы   Н. Ә. Назарбаев   жыл сайынғы ел халқына Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру- аса маңызды міндет екендігін атап көрсетеді. Бұл сыбайлас жемқорлықпен күресудің бірден бір жолы. Елбасының бүгінгі таңда алға қойып отырған міндеті мен талабы да осы. Олай болса қоғам, оның әрбір мүшесі болып жемқорлықпен күресіп, ол дерттің қоғамда әрі қарай ушықпауына  жол бермеуі керек. 
Осыған орай, Оңтүстік Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлықты төмендету мақсатында білім беру ұйымдарындағы техникалық қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру және мектеп директорларын тағайындау жұмыстары жаңаша форматта жүзеге асырылатын болды. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалық етуімен өткен селекторлық жиында аталған мәселе жан-жақты талқыланды.
Жиында баяндама жасаған облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков білім саласында орын алған бірқатар сыбайлас жемқорлық деректеріне толталып, оның алдын алу жолдарын ұсынды.
«2015 жылдан бері сыбайлас-жемқорлық, құқықбұзушылық фактілеріне жол берген білім саласының 55 қызметкері тәртіптік, қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Осындай олқылықтың алдын алу мақсатында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қолға алынып отыр. Осыған дейін педагогикалық қызметке кандидаттар, жоғарғы оқу орындарының түлектері, бос жұмыс орындарын іздеу мақсатында барлық білім беру ұйымдарын аралауға мәжбүр еді. Аталған жүйе енгізілгеннен кейін веб-портал арқылы онлайн-өтінішті жолдап, конкурстық негізде іріктеуден өтіп жұмысқа қабылдауға комиссияға ұсынылады. Бұл жұмыстар қоғамда орын алатын сыбайлас-жемқорлық фактілерінің туындауына біршама кедергісін туғызады деп санаймыз» – деді Ұласбек Сәдібекұлы.
Бұл жүйе Шымкент қаласындағы барлық мектепке орнатылған. Нәтижесінде қаладағы білім ұяларында 12, ал облыс бойынша 205 бос жұмыс орыны бар екені анықталған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер