Сандық технология - жемқорлықтың тамырына балта шабады

image_750x_5b1f8a75963a1.jpg

Елбасы   Н. Ә. Назарбаев   жыл сайынғы ел халқына Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру- аса маңызды міндет екендігін атап көрсетеді. Бұл сыбайлас жемқорлықпен күресудің бірден бір жолы. Елбасының бүгінгі таңда алға қойып отырған міндеті мен талабы да осы. Олай болса қоғам, оның әрбір мүшесі болып жемқорлықпен күресіп, ол дерттің қоғамда әрі қарай ушықпауына  жол бермеуі керек. 
Осыған орай, жақында ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалық етуімен сыбайлас жемқорлықты жою жөнінде мәселе талқыланған селекторлық жиын өтті. Жиын барысында мектеп директорларының оқу-тәрбие және педагогикалық инновация жұмыстарымен айналысуына толық мүмкіндіктер жасау мақсатында білім беру ұйымдарындағы техникалық қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыруды және мектеп ғимараттарын ұстау қызметтерін жаңа формада ұйымдастыру үшін жергілікті жерлердегі коммуналдық шаруашылық қызметіне беру механизімін қарастыру жөнінде ұсыныс жасалды.
«Біз білім беру ұйымдарының басшыларын тағайындаудағы дәстүрлі жүйені түбегейлі өзгертіп, жаңашылдыққа бет бұруды бастадық. Ол – заман талабы. Қазіргі таңда, облыс бойынша 7 ауданда 25 мектеп директоры лауазымы қызметіне бос орын болғанымен сайтқа жарияланбай отыр. Олар Арыс, Қазығұрт, Мақтарал, Отырар, Сайрам, Төлеби, Түлкібас. Сонымен қатар, 2018 жылдың І-тоқсанында Білім басқармасына жеке тұлғалардан 104 арыз-шағым келіп түссе оның 68-і мектеп басшылығына қатысты, 9-ы сыбайластық фактілеріне, 12-сі еңбек қатынасына қатысты, қалған 15-і өзге де мәселелерді құраған. Міне, осы проблемаларды болдырмау тікелей жергілікті әкімдіктің жұмысы. Білім саласына сандық технологияның жетістіктерін және өзге де жаңа заманға жүйелерді енгізіп, туындаған мәселелерді түбегейлі шешудің жолын табу керек», – деді Жансейіт Қансейітұлы.
Жиынды қорытындылаған аймақ басшысы облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібековке талдау жұмыстарын жүргізуді және кемшілікке жол берген мамандарға тиісті шара көруді тапсырды. Сонымен бірге мектеп директорларын ротациялау бойынша ұтымды ұсыныс жасау қажеттілігін айтты. Себебі, арнайы зерделеу барысында бір мектепте 15 жылдан жоғары – 36, 20 жылдан жоғары - 19 директор қызмет ететіндігі анықталған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер