Мемлекеттік қызметшілер ант қабылдады

image_750x_5b20fd652a92b.jpg

Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында мемлекеттік қызметші –мемлекет айнасы екендігін, олар заңның үстемдігін қамтамасыз етуде зор рөл атқаратынын, заңның үстемдігі болған жерде сыбайлас жемқорлыққа мүлдем жол берілмейтіні жөнінде айтқан еді. Сондықтан да, өз қызметін адал атқаратын мемлекеттік қызметшілерді жұмысқа қабылдауда зор жауапкершілік танытқан жөн.
Осыған орай, жақында Созақта Мемлекеттік қызметшілер күніне орай мемлекеттік қызметке алғаш рет кірген бір топ азаматтардың салтанатты ант қабылдау рәсімін өтті. Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында өткен жиынға аудан әкімі аппаратының қызметкерлері қатысты. Ант беру рәсімінде аудан әкімі Салыхан Полатов сөз сөйлеп, мемлекеттік қызметте алғаш қадамын бастап отырған жас мамандарды құттықтады. Мемлекеттік қызметте жұмыс істеу, үлкен ізденісті, ынта жігер мен адалдықты талап етеді деген аймақ басшысы алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. 
Алғаш болып мінбеге шыққан аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекші маманы Сатыбалдиев Ербол Әубәкірұлы, Шолаққорған ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Орынтайқызы Жанерке, Жартытөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Шардарбекова Лаура Бердібекқызы, Қыземшек кенті әкімі аппаратының бас маманы Аманқұлова Ақсымбат Рақышқызы салтанатты түрде ант қабылдады. 
Айта кету керек, аудан көлемінде мемлекеттік қызмет органдарының 20-жылдығын ұлықтау аясында түрлі шаралар өткізіліп жатыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер