Өрт сөндірушілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы

image_750x_5b25237386cf5.jpg

Сыбайлас жемқорлықпен күресу тек құқық қорғау органдарының міндеті емес бұл барша азаматтардың міндеті. Оның алдын-алу кепілі азаматтардың өздерінің белсенділігі болып табылады
Елбасымыз жыл сайынғы Жолдауларында қоғамның жегі құрты жемқорлықты тізгіндеп, ауыздықтаудың бағыттарын нұсқап, оның жүзеге асырылуын қатаң қадағалап отыр.
Биылғы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауының тоғызыншы міндетінде де жемқорлықпен күреске айрықша маңыз аударды. 
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті облыстық төтенше жағдайлар басқармасының Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі №4 өрт сөндіру бөлімімен бірлесе дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық пен құқықбұзушылықтарды болдырмау, алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Іс-шараға Департаменттің бас маманы Ж.Әлжанова, Қаратау аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ә.Турдалин және мекеменің жеке құрамы қатысты.
Кездесу барысында қатысушыларға тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер