Сыбайлас жемқорлықпен күрес қылмыскерлерді жазалау жөніндегі табанды шаралар ғана емес. Бұл - мемлекет пен қоғамның күнделікті жұмысының тұтас кешені.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев, сыбайлас жемқорлықтың ауқымы мен салдарларын нақты бағалап, осы қауіпті құбылыспен қатаң және шешуші түрде ымырасыз әрі жан-жақты жоспарлы күрес жүргізуді басты мақсат етіп отыр. Президент жанынан құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия - Елбасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асырудың маңызды құралдарының бірі болып табылады.
Елбасы биылда ел халқына жолдаған жолдауында демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болатынын атап көрсетті.
"Нұр Отан" партиясы Әл-Фараби аудандық партия өкілдерінің қатысуымен ИЧ-167/11 мекемесінде "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Онда сала мамандары жемқорлықтың қоғамға тигізер зиянын жан-жақты ашып көрсетті.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігі жөнінде кең көлемді мәліметтер берді.