Семинар тақырыбы - "сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ"

kisspng-presentation-stick-figure-animation-clip-art-business-meeting-5acc84e6381285.9698242915233528062297.jpg

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін өткізіліп жатқан ауқымды іс-шараның бірі «Адал жол» эстафеталық марафоны. Өткекн аптадан бастап бұл шара Ордабасы ауданында өтіп жатыр. Осы эстафеталық марафон аясында аудандық әкімшілік ғимаратында "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!" деген тақырыппен семинары өтті. Еңбек ардагерлері, мемлекеттік қызметкерлер және жастар қатысқан бұл басқосуды аудан әкімі аппараты басшысының міндетін қоса атқарушы Әділ Ысқақ ашып,  жүргізіп отырды. Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің басшысы Зүлфия Сыздық, аудандық Жастар орталығының директоры Мұрат Сайлыбаев, "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қоғамдық кеңесінің төрайымы, аудандық мәслихат депутаты Замира Маханова сөз алып, сыбайластықтың зардаптары жайын жан-жақты талдап берді. Сонымен қатар, баяндамашылар Қазақстан Республикасы Заңдарымен көзделген құқықтық жауапкершілік жөнінде де айтып өтті. 

Басқосу барысында жастар аға буын өкілдеріне сұрақтарын қойып, ұсыныс-тілектерін ортаға салды. Еркін пікірсайыс форматында өткен жиында әсіресе жас мамандардың белсенділігі басым болды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер