Партия филиалының қызметкерлерімен кездесті

b752a87abe861dd9a76d069f7d13add7_crop_l_6_t_45_w_607_h_342_resize_w_525_h_.jpg

Орталық Азиядағы мемлекеттердің барлығы диструктивті діни ағымдардың ықпалынан зардап шегіп отыр. Ол қоғамның барлық саласына кіріп, азаматтардың, жамағаттың дәстүрлі бағытынан басқа жаққа бұрып, алып кеткісі бар. Сол үшін үлкен күрес жүріп жатыр. Қазақстанда діни экстремизмге, терроризмге қарсы мемлекет тарапынан атқарылатын шаралардың жүйесі жасалған. Ол өз тиімділігін көрсетті.

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі Сайрам аудандық бөлімінің теолог маманы А. Тәжібаев  "Нұр Отан" партиясы  Сайрам аудандық филиалының қызметкерлерімен кездесу өткізді. Қоғамның алдыңғы қатарлы азаматтарын біріктіретін саяси ұйымның қызметкерлерімен теолог маман "Діни ағымдардан сақтанайық" деген тақырып төңірегінде әңгімелесті. Бұл жерде тек лекция оқылып қана қойған жоқ, пікір алмасу ретінде де өтті. А.Тәжібаев өзі жақсы білетін саланың қыр-сырын, жамағатпен қалай жұмыс істеу керектігін, осы тәжрибені партия қызметкерлері де алса болатынын айтты.

Дәстүрлі емес діни ағымдардың насихатынан қалай сақтану керек екенін түсіндірді. Кездесу сонында партия қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер