Жемқорлыққа жол жоқ

image_750x_5b2c91f666a08.jpg

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.
Сайрам ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыптарында семинар болып өтті. 
Іс-шарада Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаменті Сайрам аудандық бөлімінің жедел уәкілі аға лейтенант Жандос Өмірбекұлы, Манкент ауыл округі «Жалал баба» мешітінің бас имамы Хайметов Макамбай, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Діни істер басқармасының теолог маманы Тажибаев Алимардан, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Діни істер басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу» ортылығының теолог көмекшісі Битанов Жангелді өз баяндамаларын оқып, түсіндірді.
Баяндамашылар өз баяндамаларында Мемлекеттік қызметкерлер арасында жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар мен ресми құжаттар бойынша мағлұмат берді.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға қатысты заңнамалардағы өзгерістер мен толықтырулар, жаңа талаптарымен танысып, оларды мүлтіксіз сақтауға тек мемлекеттік қызметшілерді ғана емес барша бұқараны шақырды. Осындай шаралар әрдайым жүргізу жоспарланған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер