ОҚО-да мемлекеттік қызметшілердің спорттық сайыстан бақ сынасты

image_750x_5b252b6ae2279.jpg

Ағымдағы жылдың 16 маусым күні мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу және мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығын ұлықтау аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Оңтүстік Қазақстан облысы облыс әкімі аппаратымен бірлесіп облыстағы мемлекеттік қызметшілердің отбасылары арасында  «Әкем, Анам және Мен – спорттық жанұя» атты спартакиада өткізді. 
Спартакиаданың мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында  бұқаралық спортты насихаттап, салауатты өмір салтын қалыптастырып қана қоймай, отбасы құндылықтарын насихаттау болып табылады.
Спартакиаданың ашылу салтанатында Департамент басшысының орынбасары А.Шілманов қатысушы отбасыларға сәттілік тіледі.
Барлық қатысушылар алдымен аудан, қалалық деңгейдегі іріктеуден өтіп, жеңімпаздары облыстық деңгейдегі эстафетада бақ сынасуда. Эстафетада әрқайсысы 3 адамнан құралған 8 команда қатысты. Әр отбасы жүгіру, допты қақпаға түсіру, скакалка және қапшықпен секіру, доптарды ауыстыру және тағы басқа 8 эстафеталық ойындар бойынша сынға түсті.
Әрбір команда өзінің дене даярлығын, отбасылық бірлігін және мақсаттылығын көрсетті.
Отбасылық спартакиадада І-орынды Сайрам ауданынан Айткуловтар отбасы, ІІ-орынды Төлеби ауданынан Аралбай отбасы, ІІІ-орынды Түлкібас ауданынан Бекбердиевтер отбасы иеленді.
Жүлдегерлерді кубоктар, дипломдар мен естелік сыйлықтар марапатталуымен салтанатты түрде аяқталды. 4-ші орынға ие болған команда «Үлгілі спортшылар отбасы» номинация бойынша марапатталса, 5 орынға «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясы берілді. 
Бугінгі таңда мемлекеттік қызметшілерге салауатты өмір салтын қолдау басты басымдықтардың бірі болып табылады. Осылайша, Елбасы жолдауында адамның қамын, білімін ойлау, оның бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату, оның әлеуетін дамыту негізгі басымдық болып табылады. Бірақ мұның барлығы денсаулыққа қамқорлық жасамай мүмкін емес.
Салауатты өмір салты – үйлесімді және бақытты өмірге сенімді жол, ал ұлт денсаулығы – кез келген мемлекеттің маңызды құндылығы.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер