Бүгінде елімізде электронды қызмет көрсету ісі үлкен қарқынмен қолға алынуда. Бұл ең алдымен қызмет көрсетуші үшінде, қызметті алушы үшінде өте тиімді әдіс. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер «egov.kz» веб-порталы арқылы алынатын болса, қызмет алушы мен қызмет берушінің арасында байланыс болмаудың нәтижесінде сыбайлас жемқорлық азаяды. Бұл жөнінде Елбасы да Жолдауларында айтқан болатын. Сондай-ақ, көптеген тұрғындар үйден шықпай-ақ, компьютер арқылы көптеген қызметтерді ала алады. Компьютерлік қызмет арқылы сыбайлас жемқорлықтың түбіне балта шабылады. «Бармақ басты, көз қысты» болмайды. Себебі, бәрін компьютер көріп тұр.
Түлкібас ауданында «Электронды түрде көрсетілетін қызметтердің үлесін арттыру» мәселесі бойынша аудан әкімдігінде семинар өтті. Оған аудан әкімі аппаратының басшысы Е.Орманов, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бас мамандары Әбдірәсіл Әбдісадықұлы, Нұржан Қыдырбайұлы, Дархан Әмірханұлы қатысты.
Семинарда Әбдірәсіл Абиев электронды түрде көрсетілетін қызметтердің үлесін арттыру үшін қызмет алуға келген азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу керектігін атты.