Сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық іс-шаралар өткізілді

image_750x_5b29e8f94000d.jpg

Сыбайлас жемқлодықпен күрес мемлекетіміздің алдында тұрғын басты міндеттің бірі. Бұл жайында Елбасы Н.Ә.Назарбаев жыл сайынғы жолдауында жемқорлықпен күрестің бассты бағыттарын белгілеп, айрықша тоқталып өтеді.
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Т.Тленшинмен, Департамент құрылымдық бөлімше басшыларының, және Ішкі қаупсіздік басқармасы өкілінің қатысуымен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетімен жасалған меморандум шеңберінде Сыбайлас жемқорлықпен күрестің 1-ші Медиа орталығы бірлестігінің өкілдерімен «Қапланбек» кеден бекетінде және Сарыағаш ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында профилактикалық іс-шаралар өткізілді.
Профилактикалық іс-шаралар барысында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен қызметтік әдеп ережелерін сақтау мәселелері түсіндірілді. Сондай-ақ, салық төлеушілерге көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы талқыланды.
Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі Т.Тленшин заң талаптарын, кәсіпкерлердің құқықтарын сақтау және азаматтармен қызметтік міндеттерді орындау барысында сыпайы және әдепті болуға, мемлекеттік органның имиджін жақсартуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін жетілдіруге шақырды.
Өз кезегінде, Медиа орталық төрағасы Т.Байгулов сыбайлас жемқорлықпен күресу шаралары жөнінде, бұл құбылыстың себеп-салдары, сондай-ақ қоғамда сыбайлас жемқорлықпен күресудін өзекті мәселелерін атап өтті. Сондай-ақ, барлық қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуге үндеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер