Жастарды жат ағымның жетегіне еруден аман алып қалу үшін халықтың діни таны¬мының қалып¬тасуына жағдай жасауы¬мыз қажет. Діни радикализм¬ге қарсы тұратын иммунитет қалыптастыру үшін ең алдымен отандастарымыз дұрыс діни мәлімет пен білім алуы тиіс.
Себебі діни сауатты адам адаспайды. Елі¬міз¬дегі діни ахуалды реттеуді одан әрі жетіл¬діру үшін бұл бағытта мешіт имамдары да көптеген игілікті істерді жүзеге асырып келеді. Мешіттерде игілікті істерді атқарған, мешітте діни сауатты ашқан өте тиімді. Себебі, мешітке қарапайым халық көп келеді. Олар діни сауаты болмағандықтан, теріс діни ағымға еріп кету қаупі басым. Сондықтан да, оларды игі жолға бағыттап отырған жөн.
Сайрам ауданы Ақсукент ауылы Ергешбек Нұрлыбайұлы мешіті имамдары Рамазан айты күні халыққа мың жарым дана діни мақалалар жазылған парақшалар таратты. Мұндағы басты мақсат - халықтың діни сауатын арттыру, керағар діни ағымдардан сақтандыру. Мешітте осындай діни парақшалар тарату ісі әр ай сайын жалғасуда.