Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев «Мәңгілік ел» ұлттық идеясында, Қазақстанның қазіргі бағыты мен ұстанған жолы және Мәңгілік Ел болудың басы, ежелгі ата-бабалар салған сара жолдан бастау алатынын айтқан. Мәңгілік Ел болу идеясын іске асырудағы бірден-бір шаралардың қатарына да сыбайлас жемқорлықпен күресті жатқызуға болады.
Түркістан қалалық Әділет басқармасының тіркеушісі Серік Курманбаевтың ұйымдастыруымен Шорнақ ауылдық округі әкімшілігінде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына түсініктеме беру мақсатында дәріс өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушылармен сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтарды алдын алу, ескерту және жолын кесу бойынша құқықтық түсіндіру жұмысын өткізу жолымен, осы құбылысқа халық аралында төзімсіз қатынас қалыптастыруға бағытталған шараларды жандандыру арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін көтерудің қажеттілігі айтылады.
Кездесудің қорытындысы бойынша қатысушылар барлық мемлекеттік органдар мен азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жұмыла жұдырық болып жұмыс істеуге шақырды.