«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әр азаматтың міндеті»

image_750x_5b29f84dd168c.jpg

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын бекітті.
Стратегия мемлекеттің алдағы жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттарын көрсетеді және сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын, оны тудыратын себептер мен жағдайларды жоюға, оның деңгейін қысқартуға ықпал ететін кешенді шараларды қамтиды.
Отырар аудандық Әділет басқармасының мамандары Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының Дәуренбек Құрманбек атындағы  № 20 колледжінің  студентерімен «Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл - әр азаматтың міндеті» тақырыбына кездесу өткізді.
Кездесу барысында тұрғындардың құқықтық мәдениетінің төмен деңгейі елдегі сыбайлас жемқорлықтың өсу себептерінің бірі болып табылатыны аталып өтті.
Тыңдаушыларға жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша мемлекетпен қолданылатын шаралар туралы ақпарат ұсынылды. Пара алу мен беру қатаң түрде жазаланатынын атап өтіп, қоғам мен мемлекет мүддесіне кері салдары жайында ақпарат берілді. Сондай-ақ, жемқорлық  салдары туралы бейнеролик көрсетілді. Нәтижесінде, студенттер сыбайлас жемқорлықтың жағымсыз құбылыс екендігіне тағы бір рет көз жеткізді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер