Мешіт жамағаты арасында футболдан жарыс өтті

image_750x_5b2a0d198f7ae.jpg

Ішкі саясат және дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Ораза айт мерекесіне орай Арыс қаласы аумағындағы мешіт жамағаттары арасында кіші футболдан жарыс өтті.
Футболдан жарысты ұйымдастырудағы мақсат - өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды ішімдік пен нашақорлыққа қарсы баулу, ұлтымыздың арқа сүйер нағыз патриоттарын тәрбиелеу, сондай-ақ, олардың арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту болып табылады. 
Мешітке келіп уағыз тыңдайтын жамағаттың арасында спорттық жарыстың ұйымдастырылуы еліміздің зайырлы қоғам екені, ата-баба дәстүрін берік ұстанантынын байқатады. 
Аталған жарысқа қала және ауылдық округтерден келген 12 команда қатысты. 
Тартысты әрі қызықты өткен бәсекенің қорытындысы бойынша орталық «Ысқақ» мешітінің құрама командасы – І-орын, «Бекзат ата» мешітінің құрама командасы – ІІ-орын, «Әкімқары» мешітінің құрама командасы – ІІІ-орынды өзара бөлісті. Жарысқа қатысушылар Алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ұйымдастырушылар мұндай жарыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болатынын жеткізді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер