Қазығұрт аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жылға бекітілген іс- жоспарына сәйкес Үшбұлақ ауылдық клубында жастарды адал жолмен жүруге, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты дөңгелек үстел өтті. Оған белсенді азаматтық ұстанымы бар ауыл жастары қатысты.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев, сыбайлас жемқорлықтың ауқымы мен салдарларын нақты бағалап, осы қауіпті құбылыспен қатаң және шешуші түрде ымырасыз әрі жан-жақты жоспарлы күрес жүргізуді басты мақсат етіп отыр. Президент жанынан құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия - Елбасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асырудың маңызды құралдарының бірі болып табылады.
Елбасы биылда ел халқына жолдаған жолдауында демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болатынын атап көрсетті.
Үшбұлақ аулының жастары да сыбайлас жемқорлықпен кұрестен шет қалғылары жоқ. Қылмыстың қандай белгілеріне болмасын нөлдік төзімділік принципін ұстанып отыр. Оған қатар жүрген жастарын да шақырды.