Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы жылғы халыққа арналған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында цифрлық мемлекетке көшу, мемлекеттік қызметтерді электрондық нұсқада көрсету бойынша ауқымды жұмыстар жүктеген болатын. Әрі бұл бастама ел ішіне іріткі салатын сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы бірден бір бастама болары анық. Бұл бастама нақты жүзеге асқан жағдайда елде сыбайлас жемқорлық мәселесіне нүкте қойылары анық.
Электронды түрде көрсетілетін қызметтердің үлесін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Түлкібас ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында семинар өткізді. Оған дербес бөлім басшылары, ауылдық округ, поселке әкімдері мен жауапты мамандары қатысты.
Семинар сұрақ-жауаптармен жалғасып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер «egov.kz» веб-порталы арқылы алынатын болса, қызмет алушы мен қызмет берушінің арасында байланыс болмаудың нәтижесінде сыбайлас жемқорлық жойылатындығы туралы айтылды.