Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің бастамасымен, аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен эстафета қағидатына сәйкес, «Адал жол» атауымен өткен марафонда Сарығаш ауданында 112 іс-шара өткізілген. Онда 8-акция, 2-флешмоб, 32 мәдени іс-шара, 12 спорттық іс-шара, 1-автошеру, 1-велошеру, 1-бос орындар жәрмеңкесі, 2-семинар, 52-кездесуде барлығы 14560 адам қамтылыпты.
Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын насихаттау, облыс халқының құқықтық мәдениетін қалыптастыру, оның ішінде жастардың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгісін жылжыту, жастарды рухани-адамгершілікке және жоғары моральдық-этикалық нормалар мен құндылықтарға тәрбиелеу, адал бәсекелестік қағидаттарын жылжыту және Отанымыздың игілігі үшін адал қызмет етуге шақыру, бүкіл қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру үдерісіне тарту және жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, департаменттің оң имиджін қалыптастыру, қоғамның мемлекеттік билік институтына деген сенімін арттыру мақсатында өткен марафон облыстың барлық ауданында өтуде.