Ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті

image_750x_5b2a18c4394b9.jpg

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары А.Шілмановтың төрағалығымен Департамент жанындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті. Онда Департамент жанындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының жаңа құрамы таныстырылып, қызметкерлердің ХҚКО арқылы қызметтерді электронды түрде алу жағдайы және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында атқарылған іс-шаралар бойынша бірқатар аудан, қала әкім аппараттарының есебі тыңдалды.
Сондай-ақ, департаменттің Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Б.Әшір аудан, қала әкімі аппараттарының мемлекеттік қызмет көрсету бағытында атқарған жұмыстарына жасалған талдаудың қорытындысы бойынша баяндама жасады.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті мекемелерге мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына қанағаттануды арттыру бойынша шаралар әзірлеу туралы ұсыныстар енгізілді. Отырысқа ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелері, барлық аудан, қала әкімі аппараттары басшылары мен мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің басшылары, БАҚ өкілдері, Департамент қызметкерлері қатысты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер