Теріс ағымнан абай болған абзал

image_750x_5b2a3f14c3e52.jpg

Мақтарал ауданы, Мырзакент кентінде орналасқан орталық Абдул-Әкім мешітінде құптан намазында мешітке келуші жамағатпен дін мәселелерін зерттеу орталығының  Мақтарал аудандық маманы Даурен Аманов кездесу өткізді. Кездесу кезінде теріс діни ағымдардың жетегінде кетпеу үшін қандай жағдайлардан  сақтану жайы әңгіме болды.  Бізге көрші мемлекеттернде әр түрлі экстремистік және террористік ұйымдар пайда болып, мемлекеттердің тұтастығына, қауіпсіздігіне тікелей нұқсан келтіруде. Бұл мәселе бүкіл әлемге ортақ індет болғандықтан және ҚР ұлттық қауіпсіздігі мен ішкі саяси тұрақтылығы үшін күн тәртібіндегі өзекті мәселеге айналуда. Кездесуде Ханафи мазһабы мен халқымыздың дәстүрлері туралы, олардың бір-бірімен ұштасып жатқаны сабақтастығы жайында айтылды. 
Қазіргі кезде елімізде дін саласына қатысы бар мемлекеттік органдардың жұмыстары жүйелі деңгейде жолға қойылған. Яғни, осыған қажетті инфрақұрылым мен құқықтық базаның негізі қаланды. Атап айтар болсақ, 2011 жылғы мамыр айында Дін істері агенттігі құрылып, сол жылдың қазан айында «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Бұл елімізде зайырлылық ұстаным жоғары бағаланатыны, экстремистік идеялар құпталмайтынын білдіреді.
Жиын соңында дін мәселелерін зерттеу орталығының  мамандары тарапынан шығарылған Бала тәрбиесі және діни бүліктер кітабы таратылды. Жамағат көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып тиісті нақты жауаптар алды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер