Бүгін Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінің «Оңтүстік Қазақстан Облысы Сарыағаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінде «Экстремизм және терроризмнің алдын алу, теріс мақсаттағы діни көзқарасқа жол бермеу» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Терроризм мен экстремизм дүние жүзiнде қазiргi таңда дiн мәселесi өзектi тақырып болып тұр. Терiс пиғылды, радикалды ағымдар мен секталардың құрбанына айналған қаншама жан бар. Ал, ол адамдар бiр отбасының мүшесi болып саналады. Қорытындысында бұндай жағдайға түскен жан отбасының күйреуiне себепшi болады. Сондықтан жастар арасында, жалпы қоғамда тұрақты түрде көптеген іс-шаралар өтуде.
Қазақстан Республикасында терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу, болдырмау үшін мемлекет тарапынан заңдық тұрғыдан негіз жасалынған. Құқық қорғау органдары жоғары деңгейде терроризм мен экстремизмнің барлық көріністерін енді бой көрсетпек болған кезінде тоқтатуға қауқарлы және солай істеп келеді де.
Кездесу кезінде қызметкерлерге терроризм мен экстремизмнің көріністері байқалатын жағдайларға жіті назар аударып жүру керектігі де айтылды.