ОҚО-да «protecting business and investments» жобасы аясында инвесторлармен кездесу өтті

image_750x_5b2b964f2d7b9.jpg

Бизнесті қорғау, қолайлы инвестициялық жағдай жасау және кәсіпкерлер үшін сыбайлас жемқорлық деректері бойынша қысымдарды төмендету ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің басымды бағыттарының бірі болып табылады
Осы орайда, 2018 жылдың 21 маусым күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің басшысы Ә.Көмекбаев оңтүстік өңіріндегі инвесторлармен тікелей жолықты. 
Кездесуде Агенттік бастамасымен іске асырылып жатқан «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйемелдеу» жобасы, оның мақсаттары мен міндеттері таныстырылып, арнайы дайындалған слайдтар көрсетілді. 
Іс-шараға «KAZAKH INVEST» АҚ филиалының басшысы Д.Мамиров және өңірдегі инвесторлар қатысты.
Кездесу барысында отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ олардың сенімін арттыру мәселелері талқыланып, инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және инвестициялық қызмет барысында пайда болатын проблемалық мәселелер айтылып, инвесторлардың пікірлері тыңдалды.
«Жобаның мақсаты - қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастырып, мемлекеттік билік институттарына бизнес пен инвесторлардың сенімін нығайту болып табылады. «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйемелдеу» жобасы аясында «KAZAKH INVEST»-пен бірлесіп, барлық қолжетімді ресурстарды пайдалана отырып, бизнестік қауымдастық пен инвесторларды олардың қызметіне заңсыз араласудан қорғау үшін барлық мүмкіндікті жасайтын боламыз» - деді Департамент басшысы Ә.Көмекбаев. 
Сөз алған, Дәулетқожа Мамиров  ОҚО кәсіпкерлер палатасы ғимаратының 3 қабатында (Шымкент қаласы, Қонаев гүлзары,83/1)  шетелдік компаниялардың өкілдіктеріне жан-жақты қолдау көрсетіп, консультациялық көмектер беретін фронт офис ашылғандығын атап өтті. 
Департамент өңірдегі жас инвесторлармен кері байланысты  орнату маңыздылығын көтеріп,  Департамент тарапынан «WhatsApp» (8-775-869-21-21), 51-51-51 сенім телефондары мен memkyzmet.kz сайтында ашылған «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйемелдеу» айдары жұмыс жасайтындығы айтылды. 
Тиісінше, инвесторлар қандай да бір кедергілерге немесе сыбайлас жемқорлық көріністеріне кездесіп жатса, жоғарыдағы байланыс құралдарына хабарлауға мүмкіншілігі бар екендігі жеткізілді.
  

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер