Жуырда қалалық экономика және қаржы бөлімінің мәжіліс залында қала әкімінің орынбасары С.Расұлдың төрағалығымен қала әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес отырысы өтті. Оған кеңес мүшелері, ауыл әкімдері қатысып, қала және ауылдардағы діни ахуалдың жағдайын талқылады. Қала әкімінің орынбасары С.Расұл мәжілісті ашып, - қала әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес 2009 жылы қала әкімдігінің қаулысымен құрылып, діни мәселелерді жүзеге асыруда нәтижелі жұмыс атқарып келеді. Кеңестің мақсаты Қазақстан Республикасы азаматтарының дін ұстану бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясат, қоғамдағы діни келісімді нығайту және конфессияаралық қатынастар үйлесімділігі жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады. Кеңес ережесіне сәйкес қаладағы дін саласындағы өзекті мәселелер тоқсан сайын қаралып отырады.
Мәжілістің күн тәртібіне сәйкес ҚІІБ Жергілікті полиция қызметі аға учаскелік полиция инспекторы Е.Зулпухаровтың деструктивті ағымның жақтастарымен жүргізілген жұмыстары туралы мәліметі тыңдалды. Сондай-ақ өзге діни ағымдағы мектеп оқушылары және олардың ата-аналары туралы қалалық білім беру бөлімінің басшысы Ә.Әуелбеков баяндады. Кеңес мүшелері тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныс пікірлер айтылды. Мәжіліс соңында қала әкімінің орынбасары С.Расұл бірқатар нақты тапсырмалар беріп, мәжілісті қорытты.