Мемлекеттік қызметшілер кәсіби мерекелерін тойлады

image_750x_5b3311074196c.jpg

Түркістан облысының және Шымкент қаласының мемлекеттік қызметшілері өздерінің кәсіби мерекелерін салтанатты түрде атап өтті. Биыл бұл мереке Мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығымен тұспа тұс келіп отыр. «Қазақстан Халқы Ассамблеясы» ғимаратында 900-ге жуық мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен өткен салтанатты шарада облыс әкімі Ж.Түймебаев, Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің өңірдегі Департаментінің басшысы Ә.Көмекбаев облыстағы барлық мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекемен құттықтап, еліміздің өсіп, өркендеу жолында толағай табыстар тіледі.  Мемлекеттік қызмет саласында көп жылдар бойы  үлгілі қызмет атқарған мемлекеттік қызметшілерге облыс әкімінің медалі мен  грамоталары, сонымен қатар Департамент басшысының арнайы алғыс хаттары табысталды.Бүгінгі күні облысымыздың 575 мемлекеттік органында 8700-ден аса мемлекеттік қызметші бар. Салтанатты жиналыс барысында мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің орташа қызмет өтілі 10 жылдан асатындығы туралы жарияланды, бұл Елбасының жоспарында айтылған реформаларды жүзеге асыратын кәсіпқойлардың өзегі бар екенін көрсетеді.Мерекелік шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, кәсіби мереке иелеріне құрмет көрсетілді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер