Діндегі теріс ағымдардың иірімі қарапайым азаматтардың санасын улап, қоғамда кереғар пікірлер тудырып жатыр. Бұл – қоғам алдында тұрған үлкен мәселеге айналды. "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" мемлекеттік комуналдық мекемесі Жетісай- Мақтарал аудандық бөлімі мамандары Д.Аманов және Б. Шаймерден Иіржар ауылдық округі, Дихан елді мекенінде орналасқан "Елмұратбай" мешітінің жамағатымен жүздесіп қайтты. Қазақстан Республикасында терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу, болдырмау үшін мемлекет тарапынан заңдық тұрғыдан негіз жасалынған. Құқық қорғау органдары жоғары деңгейде терроризм мен экстремизмнің барлық көріністерін енді бой көрсетпек болған кезінде тоқтатуға қауқарлы және солай істеп келеді де. Терiс пиғылды, радикалды ағымдар мен секталардың құрбанына айналған қаншама жан бар. Ал, ол адамдар бiр отбасының мүшесi болып саналады. Қорытындысында бұндай жағдайға түскен жан отбасының күйреуiне себепшi болады. Сондықтан жастар арасында, жалпы қоғамда тұрақты түрде көптеген іс-шаралар өтуде.
Кездесу барысында мешіт имамы А. Абдувахапов келген қонақтарды жамағатпен таныстырып, жұмыс мақсатын атап өтсе, бөлім маманы Д. Аманов керағар діни ағым жақтастарының ішкі және сыртқы мақсаттарын айтып, қоғам санасын улауда едәуір ықпал ететін факторларды ауыл тұрғындарына түсіндірді. Жиын соңында облыстық орталықтан шыққан кітап жамағатқа сыйға берілді.