Демократиялық қоғамда азаматтардың еркін жүріп-тұруына, білім алуына, өз ой-өресін жетілдіруіне ешқандай да бөгет жоқ. Қандай кітап аламын, оқимын десеңіз де еркіңіз. Бірақ сол білім көздері саналатын кітаптар азаматтарды дұрыс жолдан басқа жаққа бұрып кететін болмауы керек. Шымкент қаласы, Абай ауданы әкімшілігінің ұйымдастыруымен діни кітаптар мен заттар сататын дүкендерде рейдтік іс-шара өтті. Оған «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мемлекеттік комуналдық мекемесінің мамандары, қалалық ішкі саясат бөлімінің мамандары және жергілікті полиция қызметінің өкілдері қатысты. Іс-шара барысында дүкендерді тексеру кезінде заңға қайшы келетін діни кітаптар мен заттар табылмады. Аталмыш рейдтік іс-шаралар алғаш рет болып отырған жоқ, мұндай іс-шаралар үнемі жүргізіліп отырады.
Қазақстан Республикасында терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу, болдырмау үшін мемлекет тарапынан заңдық тұрғыдан негіз жасалынған. Құқық қорғау органдары жоғары деңгейде терроризм мен экстремизмнің барлық көріністерін енді бой көрсетпек болған кезінде тоқтатуға қауқарлы және солай істеп келеді де. Бүгінгі шара соның бір парасы.