Теріс ағымдардың алдын-алу басты назарда

image_750x_5b331296efd8c.jpg

«Мәңгілік ел» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Түлкібас аудан тұрғындары арасында 15 ауылдық округ, поселкелерде кереғар діни ағымдардың алдын алу мен діни толеранттылықты насихаттау мақсатында ағымдағы жылдың 21 маусымынан 2 шілде аралығында кездесулер өткізу жоспарланған. Бұл шара аудандық әкімік ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі таңда Ақбиік, Шақпақ, Жабағылы, Кемербастау, Майлыкент ауылдық округтері мен Түлкібас, Састөбе поселкелерінде жиналыстар өтті. Онда жиналған жамағатқа, ауыл тұрғындарына теріс бағытты түсінідіріп жүрген діни ағамдардың әрекеті, оның қандай жағдайға алып баратыны айтылды.
Дін – мемлекеттің негізін құраушы ең маңызды факторлардың бірі болғандықтан, ішкі тұрақтылықтың да кепілі. Еліміздегі ортақ ауызбіршілік, елжандылық, адамды сүю, бейбітшілік пен тыныштық – дәстүрлі діндердің басты ұстанымы, ал ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіретін жат ағымдардан бойымызды аулақ ұстап, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелегеннен ұтылмасымыз анық. 
Жиналған жұрт өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша сұрақтар қойып, оған тұшымды жауаптар алды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер