Кеңестің кезекті отырысына дін мәселелері талқыланды

image_750x_5b33139b9ce53.jpg

Дін саласындағы тұрақтылық – қоғамдағы ең басты мәселелердің бірі. Халықтың ынтымақ-бірлігін арттыра отырып, осы тұрақтылықты сақтау және тұрғындардың әл-ауқатын көтеру жолында қызмет ету баршамыздың басты міндетіміз. 
Отырар ауданы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің кезекті отырысында Қазақстан Республикасы азаматтарының діни сенім бостандығын құқықтық қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясат, қоғамдағы діни байланысты нығайту және конфессияаралық қатынастар үйле-сімділігі мәселелеріне ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу мақсатында өткен жиында Аққұм, Маяқұм, Көксарай ауыл округі әкімдері ауылдарындағы діни ахуал жөнінде және діни мәселелер бойынша дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстары туралы баяндама жасады. Ал, Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңын жүзеге асыру барысында діни бірлестіктерді және филиалдарының құжаттарын заңдастыру жөнінде аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Қуаныш Жандарбеков жан-жақты талдау жасады.
Кеңес отырысын қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Пердехан Абайұлы жиында ортаға салынған ұсыныс пікірлердің назардан тыс қалмайтындығын айтып, дін саласында атқарылуы кешеуілдеп жатқан бірқатар шаруаларды келесі кеңес отырысына дейін аяқтауды ауыл әкімдері мен сала басшыларына тапсырды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер