«Ашық үкіметтің» мақсаты - ашық және халық алдында есеп беруге міндетті мемлекетті құру, азаматтардың мемлекеттік басқару саласындағы құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мен жаңа технологияларды мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру үшін қолдану болып табылады.
Бәйдібек ауданы М.Әуезов мектебінде аудан көлеміндегі «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының «Адами капиталды дамыту» бағытына сәйкес оқыту семинары өтті.
Семинарда аудан әкімдігі аппаратының Ақпараттық қауіпсіздік және құпия режимді қамтамасыз ету бөлімшесінің басшысы Сейсенғали Арыстанбаев баяндама жасап, семинарға қатысушылардың қарапайым халықпен тығыз байланысып, олардың цифрлық сауаттылығын арттыру керектігін айтып өтті.
Аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының маманы «egov.kz.» порталының қызмет түрлерімен таныстырған Самат Енжанов пен Түркістан облысының ұлттық ақпараттық технологиялар орталығының жауапты маманы Ермахан Абай Қалжігітұлы сөз сөйлеп, «Ашық Үкімет» порталы туралы, оның бағдарламаларының «Ашық деректер», «Ашық НҚА», «Ашық диалог», «Ашық бюджеттер» сынды ерекше бөліктеріне тоқталып және электронды қолтаңбамен ғаламтор желісі арқылы «Open.egov.kz.» сайты арқылы көруге болатынын түсіндірді. Мамандар іс-шараға қатысушылардың қойылған сұрақтарына толыққанды жауап берді.
Азаматтардың өтініштерін қабылдап, түсіндіру және бірыңғай байланыс орталығына «egov.kz.» 1414, «Open.egov.kz.» 3314 хабарласып, жауап алуға болады.