Терроризм және саяси экстремизмнің қоғам үшін қауіптілігі түсіндірілді

image_750x_5b3315a879164.jpg

Дінді желеу еткен экстремистік және террористік идеологияның таралу процесі соңғы уақытта іс жүзінде бүкіл әлемде ауқымды сипатқа ие болып отыр. Қазақстан Республикасы терроризмді болдырмау және алдын алу мақсатында бірнеше заңдар қабылдады. Атап айтсақ, 1999 жылғы 13 шілдеде «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» және 2005 жылғы 18 ақпанда «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары қабылданды. Бұл заңдарда экстремизм мен терроризмнің алдын алу мен оған қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері белгіленген, негізгі ұғымдық анықтамалар мен осы бағыттағы мемлекеттік органдардың құзыреті, сондай-ақ осы саладағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің негізгі қағидаттары айқындалған. 
Жергілікті жерлерде де қоғамды жат діни ағымның жетегінде кетуден сақтандыру бағытында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Қазығұрт аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің іс-шара жоспарына сәйкес жастарға экстремизм мен терроризмнің алдын алу, Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері, қазіргі таңдағы ахуал жайы жөнінде мағлұмат беру мақсатында Қызылдала ауылдық клубының ұйымдастыруымен "Терроризм және саяси экстремизм" атты дөңгелек үстел өтті.
Онда сала мамандары жастарды керағар жат діни ағымдардан аулақ болуға шақырып, терроризм және саяси экстремизмнің қоғамға алып келер қауіпін түсіндірді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер