Түлкібаста сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дөңгелек үстел өткізілді

image_750x_5b331ab8ef85d.jpg

Елбасы Н.А.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауында тоғызыншы міндет ретінде «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» көрсетілген. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол» марафоны Еліміздің барлық өңірлерінде өткізіліп жатыр. 15 маусым күні эстафетаны Түлкібас ауданы Сайрам ауданынан қабылдап алып, аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі бөлімі аудан әкімі аппараты заң бөлімшесінің бас инспекторы Ф.Сидиковпен бірлесіп ұйымдастыруымен 21 маусым күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дөңгелек үстел өткізілді. 
Дөңгелек үстелге аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия төрағасы М.Жанесен,  аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Қасымбек, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтік топтың төрағасы А.Нұранов,  аудан әкімі аппараты мемлекеттік қызмет көрсету және ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесінің басшысы, аудандық Әдеп жөніндегі уәкіл Қ.Еркебаев,  Түлкібас ата мешітінің бас имамы Р.Ерменбаев, аудандық мәслихат аппаратының бөлім басшысы Б.Нұрлыбаев,  Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлер палатасы Түлкібас аудандық филиалының кеңесші менеджері К.Төлепбергенов, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі бөлімінің бас маманы Ф.Байтуғанов, аудан әкімі аппараты заң бөлімшесінің бас испекторы Ф.Сидиков және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі бөлімінің, кітапхананың, тілдерді дамыту жөніндегі орталықтың қызметшілері қатысып, өз пікірлерін білдірді, сонымен қатар іс-шарада тақырыпқа сай арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша қатысушылар мемлекеттік қызметте адал жолмен жүріп, Қазақстанның дүние жүзінде ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуына, Мәңгілік Ел болуына үлесімізді қосамыз деген шешімге келді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер