Мұражайлар мен кітапханаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы бұрыштамалар ілінді

image_750x_5b331a5954cdc.jpg

Сыбайластыққа қарсы әрекет ешқашан да бәсеңсімеу керек. Президенттің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғаса беретіндігі және заңның үстемділігі жайлы айтылған болатын.
Бұл ретте жемқорлықпен күресті жалпы қоғам болып жұмыла, бірлесе жүргізу қажет.Осы орайда, жастар мен жасөспірімдер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру маңызды болып табылады. Өңірде 428 кітапхана мен 25 музейдің барлығында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында тұрақты түрде іс-шаралар ұйымдастырылып тұрады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта арнайы бұрыштамалар да ілінген.
Мұндай шаралардың тиімділігі әлдеқайда жоғары болатыны анық. Өйткені, қоғамдық орынға жиналған, әсіресе, мәдениет пен білімнің көзі саналатын мұражайлар мен кітапханаларға келетін санала, азаматттық ұстанымы берік жандарды нөлдік төзімділікке шақыру, үлкен күш болмақ. Дәл осындай ұтымды шаралардың басқа түрлері де сыбайлас жемқорлықтың жолын бөгеу үшін жасала беретін болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер