Мұнайшылармен болған кездесуде жемқорлық мәселесі талқыланды

image_750x_5b331b318fa7d.jpg

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің облыс бойынша департаментінің бас маманы Жазира Әлжанова «ҚазМұнайГаз» компаниясы филиалы қызметкерлерімен кездесті.
Кездесудің негізгі мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады. Президенттің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғаса беретіндігі және заңның үстемділігі жайлы айтылған болатын. Кездесу барысында Жазира Салханқызы өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жүзеге асырылу барысына кеңінен тоқталып өтті.
Іс-шара барысында қатысушыларға тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Айта кетейік, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы – Қазақстанның мұнай-газ саласындағы мемлекеттің мүдделерін білдіретін, көмірсутектерді барлау, өндіру, қайта өңдеу және тасымалдау бойынша қазақстандық операторы.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер