Ақпараттық түсіндіру тобы ауылдарды аралады

bd915f203eb677b5b844f62c67cee8c6.jpg

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу , оның белгілеріне қарсы әрекет ету үшін ең тиімді әдіс – ол тұрғындар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізу. Созақ ауданында осындай ақпараттық түсіндіру тобы құрылып, ауыл-ауылды аралап, елмен кездесу өткізе бастады.

Алғашқы кездесу Сызған ауылдық округіне қарасты Қайнар елді мекенінің Макаренко мектебінде өтті.  Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша құрылған топ ауыл тұрғындарымен "Мемлекеттің зайырлылық принциптері" тақырыбы төңірегінде әңгімелестіі. Жиналған тұрғындарға еліміздің зайырлылық туралы заңы және дәстүрлі құндылықтарымыз түсіндірілді. Тақырып кеңінен талқыланды.  Сосын, әлеуметтік желілердегі жалған діни уағыз насихаттардың көбейіп кеткені, одан сақтану жолдары айтылды.

Дәл осындай кездесу Сызған ауылдық округінің мәдениет үйінде де өтті.  Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша құрылған ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері тақырыпқа сәйкес және  дәстүрлі емес діни бағыттағы топтардан сақтану бойынша мәлімет берді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер