Әлеуметтік жарнама арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

maxresdefault.jpg

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетті енді ТМД елдері бірлесе жүргізуге бағыт ұстап отыр. Шілденің ортасында Ереван қаласында ТМД-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша мемлекетаралық кеңестің кезекті отырысы өткен болатын. Онда  Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнама халықаралық жастар байқауын өткізу бойынша бастамамен шықты. Армения Республикасының Бас прокуратурасы, Беларусь Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Қырғыз Республикасының Бас прокуратурасы, Тәжікстан Республикасының Мемлекеттік қаржылық бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша агенттігі байқауды бірлесіп ұйымдастырушылар болып табылады.

Қатысушыларға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» тақырыбында плакаттар және бейнероликтер форматында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнама әзірлеу ұсынылады, онда қоғамның барлық деңгейлерінде және барлық қызметі салаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қазіргі заманғы тетіктерін, сондай-ақ аталған бағытта халықаралық ынтымақтастықтың рөлі мен маңыздылығын көрсеткен жөн.

Байқаудың жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі Мәскеу қаласында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күнінің қарсаңында жоспарланған.

Әлеуметтік жарнама жасауға қатысу арқылы азаматтар қоғам дертіне қарсы өздерінің азаматтық ұстанымын білдіре алады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер