Дінсіз тәрбие - тамырсыз көшет

шар.jpg

Ғылым қанша дамығанымен адами құндылықтарға негізделмесе – одан адамзатқа келетін пайда шамалы болмақ. Оған атом өндірісін мысал ретінде келтіруге болады. Жер шарын жойып жіберетін атом бомбаларын иемденген мемлекеттер бар, сол мемлекеттерде айналаға зияны аз атом электр стансалары да көп.

Діннің дәстүрімізден теріс тартып бара жатқан ағымдарына осындай мысалды келтіруге болады. Адам санасын улайтын экстремистік ұйымдарды сол атом бомбасына ұқсатуға болады. Түркістан облысы аумағында теріс ағымдарға қарсы жұмыс белсенді жүргізіліп келеді. Отырар аудандық орталық кітапханада «Діни экстремизм мен терроризимнің таралау себептері» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Жиынға «Тәйтелі-ата» мешітінің имамы М. Сұлтанқұлов, жастар ресурстық орталығының директоры Б.Әділхановпен орталық кітапхана, жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қатысты. Іс-шара барысында Исламдық жолды ұстанған ата-бабаларымыз осы дінге лайықтап өз әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, наным-сенімін қалыптастырғандығын, әрі оны ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып отырғандығы толыққанды түсіндірілді. Бүгінгі жиынның түйіні -келешек қоғамның алтын тірегін сақтап қалу керектігі, ибалы адам, иманды жасты бірге тәрбиелеу қажеттілігі болды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер