Дінде сөздің мағынасын түсіну маңызды

1656072.jpg

Адамдарды адастыратын жағдай – ол мәселенің, сөздің мағынасын түсінбей, тек сыртқы түріне ғана назар аудару. Сақал қойып, балақты қысқартқаннан сен иманды, дін жолына берік бола қалмайсың. Маңыздысы – дін терминдерінің айтқысы келген мағынасына үңілу, соны терең түсіну.

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі Мақтараал удандық бөлімінің маманы Бағдат Шаймерденнің ұйымдастыруымен аудандық орталығындағы "Нұғман" мешітінде жамағатпен кездесу болып өтті. Кездесу кезінде «Такфир ұғымының Ислам дінімен байланысы бар ма?" деген тақырып төңірегінде әңгіме болды. Теолог маман  Ислам дінінің сәләм, бейбітшілік дегенді білдіретінін, тыныштық діні екендігінен сөз бастап, теріс ағымды бағыт ретінде ұстанған жандардың, олар айналасына топтастырғандардың ақиқатты түсінудегі адасушылығы мен қате басқан қадамдарын айқындап берді. Түрлі ағымды алып келгендердің ата-баба дәстүрінен алыстап кеткенін, ол дәстүрді біздің бабаларымыз ғасырлар бойы жақсы дүние ретінде қалыптастырғанын айтты. 

Кездесу соңында теолог маман қойылған сұрақтарға  жауап берді. Мешітке келуші жамағатқа "Дін және қазіргі заман" кітапшасы таратылды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер