Сыбайлас жемқорлықты болдырмау жолдары қаралды

news42.jpg

Бүгін "Нұр Отан" партиясы Сайрам аудандық филиалында қоғамдық қабылдау өтті. Оған  аудандық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Сихымбай Уалиханұлы, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Акмалжан Абдухаликұлы, Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Олжаев Бахадур, дербес бөлім басшалары, құзырлы құқық қорғау органдарының өкілдері, жеке сот орындаушылары мен аудандық мәслихат депутаттарының қатысты. Партия филиалының қоғамдық  қабылдауына келген тұрғындардың түрлі арыз-өтініштері бойынша мұң-мұқтаждарын тындап, қабылдау жүргізді. Қабылдау барысында бірқатар азаматтардың тұрақты жұмысқа орналасу, жер телімге мұқтаждық сынды мәселелерін бақылауға алып, оң шешілуге ықпал жасап, заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Қаралған барлық мәселе кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол беруге болмайтыны, ондай әрекет үшін заң алдында жауап берілетіні айтылды. Арыз-өтінішін айтып келген тұрғындар мәселенің тіптен созбалаңға салынып кететінін айтты. Сыбайлас жемқорлық бар дегенді ешкім айтқан жоқ. Дегенмен, мәселесі оң шешілмеген азаматтар тиісті органдардың жұмысына деген наразылығын еліміздегі ең ықпалды партияға жеткізді. Ал қоғамдық қабылдау арыз-шағымдардың нақтылығын тексеріп, заң аясында шешілуіне ықпал етпекші.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер