Түркістан облысы ауыл шаруашылығымен мақтана алады

abaa7f.jpg

Табиғаты жанға жайлы Түркістан өңірі ауылшаруашылығы үшін өте қолайлы. Бел шешіп, білек сыбанып кіріссеңіз, бір ауылшаруашылығымен мемлекет экономикасын әбден көтеруге болады. Бұған Ресейге дейін асып жатқан Жетісайлық қауын-қарбыздар куә. Жалпы, қауын-қарбыздан бөлек қандай ілгерілеушілік бар өңірімізде? Бұл жөнінде бүгін Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков көптеген мәліметтерді келтіре кетті.Оның айтуынша, республикадағы салынған жылыжайлардың 77 пайызы, тамшылатып суғару әдісінің 73 пайызы Түркістан облысына  тиесілі. Өңірде жылыжай көлемін арттыру үшін қосымша  86,7 гектар жылыжай салынып, облыстағы жалпы көлемі 1287,7 гектарға жетті.

Сонымен қатар, тамшылатып суғару әдісі жаңадан 6 223 гектар аумаққа ендіріліп, жалпы көлемі 64,2 мың гектарға жеткен.

– Облыс бойынша дәнді дақылдардың барлық егіс көлемі 280,9 мың гектарды құрап, межеден 35,9 мың гектарға артты. Ал мақтаның егіс көлемі 129,7 мың гектарға жетіп, жоспардан 24,7 мың гектарға өсіп отыр. Бүгінгі таңда облыстағы барлық бау көлемі - 21 600 гектар, оның ішінде интенсивті баулар - 2 800 гектар, жүзім - 10 200 гектар, таңқурай - 208 гектар, жаңғақ шаруашылығы - 350 гектарды құрайды. Ағымдағы жылы қосымша интенсивті баулар – 940 гектар, жүзім – 570 гектар, жаңғақ 207 гектар алқапқа қосымша егілді, - деді Серік Ордабекұлы.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер