ХҚКО мемқызметшілерге электронды қызмет көрсетуді көбейтті

Screenshot_1.jpg

Цифрландыру өзекті борлып тұрған уақытта халыққа қызмет көрсету орталығы электронды қызмет көрсету аясын кеңейтті. Әсіресе мемлекеттік қызметшілер жұмыста отырып, қажетті құжаты мен қызметін электронды түрде көбірек алатын болыпты.

Елбасының биылғы жылғы халыққа арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру бойынша жаңа міндеттер қойылды. Осыған сәйкес, облыс әкімі 2017 жылдың 9 қарашасында өткізген «Әкімдік жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия» отырысында «Мемлекеттік орган басшылары өз қарамағындағы және бағынысты мекемелердегі қызметкерлердің «е-gov» порталы арқылы көрсетілетін қызметтерді алдағы уақытта электронды түрде алуын белсендіру жұмыстарын жүзеге асыру» тапсырған болатын.

Осы міндеттерді орындау барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің аумақтық Департаменті электрондық үкімет порталы арқылы қызмет алу тәсілдері мен дағдыларын үйрету үшін ең алдымен, мемлекеттік қызметшілерге бірнеше мастер-кластар өткізіп, 8 000-нан аса мемқызметшінің компьютеріне арнайы қадам-қадамымен түсіндірілген мемлекеттік және орыс тілінде дайындалған бейне және анимациялық роликтерді қондырып, ақпараттық брошюролар таратты.

Сондай-ақ, барлық аудан, қала әкімдіктерінде «Өзіне өзі қызмет ету» бұрыштары ашылды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер