Білімді ұрпақ қана елімізді өркениетті 30 елдің қатарына қосады. Сол үшін де бізде білім беру саласы басты назарда. Білім беруге бөлінген қаражаттың жыл сайын ұлғаюы олардың ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етудің өзектілігін арттырады. Осы мақсатта, «Қоғамдық бақылау картасы» жобасын жүзеге асыру аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Білім және ғылым министрлігімен бірлесе жоғары оқу орындары мен колледждерге түсу кезінде білім беру гранты мен мемлекеттік білім беру тапсырысын тағайындаудағы конкурстық комиссияның жұмысына қоғам өкілдерін қатыстыруды жоспарлауда.
Осы ретте, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің аумақтық департаментінің ұйымдастыруымен білім саласына гранттар бөлудегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында кеңейтілген отырыс өтті. Оған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің аумақтық департаментінің басшысы Ә.Көмекбаев, облыстық білім беру басқармасының басшысы И.Сағындықов, ЖОО және колледж директорлары мен қызметкерлері, жалпы саны 500-ге жуық адам қатысты. Түркістан облысы білім басқармасының басшысы И.Сағындықов облыста еңбек нарығында жұмыс күшіне деген нағыз қажетті сұраныс пен жергілікті атқарушы органдардан келіп түскен формальды ұсыныс арасындағы алшақтықты барынша қысқарту, соған сәйкес жұмыссыздықты және нағыз мамандық иелерінің тапшылығын кеміту мақсатында сұранысқа ие қажетті мамандықтарды сараптап мемлекеттік тапсырысты бекітуге алғаш рет білім басқармасы жанынан 7 сала бойынша жұмысшы топ құрылды. Осы жауапты істі атқаруға Жұмысшы топ құрамына облыстық кәсіпкерлер палатасы, кәсіпорын басшылары, қоғамдық ұйымдар мен салалық басқарма мамандары, мәслихат депутаттары енді» деп атап өтті